Елу жасқа толыпсың анам бүгін,Түрлендірсін ақ тіл - құттықтау

Елу жасқа толыпсың анам бүгін,Түрлендірсін ақ тіл

Елу жасқа толыпсың анам бүгін,

Түрлендірсін ақ тілек өмір гүлін.

Құтты болсын дүниеге есік ашып,

Алғаш рет сәби боп келген күнің.

 

Орындалсын, анажан, басты арманың,

Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын.

Ұлы тойға ұлассын туған күнің,

Жақсылыққа жайылып дастарханың.

 

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,

Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.

Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,

Арта берсін абырой беделіңіз.


Туыстарға »