Алпысқа толған анаға Тамада кітабынан - құттықтау

Алпысқа толған анаға Тамада кітабынан

Өмірдің артқан жүгіне,

Мойымапсың да сынбапсың.

Үңілем жүрек түбіне,

Шешуін іздеп жұмбақтың.

 

Жетсемші дедің тілекке,

Сая боп бізге қанатың.

Дау бар ма

Ана жүрекке,

Бала үшін

Бәйек болатын.

 

Бар жоқты білмей шалқыдық,

Бұла боп өстік еркелеп.

От пенен өртке шарпылып,

Ағарды шашың ертерек.

 

Қыздарың ұшты қияға.

Ұлың да қонды ұяға.

Екі ауыз сөзге сия ма,

Ерлігің ерен ұлы ана.

 

Шаттыққа толар шартарап,

Анашым барда жаны ізгі.

Барсаңда Мекке арқалап,

Өтелмес ана парызы.

 

Өн бойың-үлгі, өнеге,

Парасат табам,

Бақ табам.

Немере деген немене,

Сарқытың бар ма сақтаған?

 

Ардақты ана есімі,

Әлі алда өмір несібі.

Тойласын жүзді туажат,

Тербетіп бақыт бесігі.


Туыстарға »