Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірде - құттықтау

Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірде

Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, тұмсықтыға шоқтырмай, осы күнге жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, айналайын деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен үніңізден артық біз үшін ешнәрсе жоқ. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз.


Туыстарға »