Әкеге балаларының тілегі - құттықтау
Әкеге балаларының тілегі
ӘКЕ (балаларының тілегі) Қорғаштап өмір дейтін сында бізді, Жүрдіңіз еңкейтпестен тұлғаңызды. Әкетай,дейміз сізге жүз жасаңыз, Ақ тілек тағыңыз да жырдан ізгі! Өмірде талай асу алынғаны, Бақыттың оты бізге жағылғаны- Бір Сіздің еңбегіңіз екен,Әке, Бүгінде ойлап тұрсақ-соның бәрі. Біз үшін өткен талай жылдарыңыз, Жатыр ғой сол өмірде тұлғалы із. Әкелік мектебіңізден тәлім алған Бұл күнде өзі де әке ұлдарыңыз. Өсті ұрпақ,соңыңыздан жетілді із, "Ата!"-деп айдарлы ұл,кекілді қыз. Сонда да бұтақ жайған ұл-қызыңа Әлі де қатал ұстаз секілдісіз. Өмірде беріп бізге тағлым із, Үйреткен аз болды ма тәліміңіз. Жетсек те жетістікке,алдыңызда Баладай боп тұрамыз бәрібір біз. Өмірде үлгіміз де бір Сіз,Әке, Перзентке таусылмайтын жырсыз,Әке. Сол тұлға,сол мінезден аласармай Біздерге тәлім болып жүрсіз,Әке. Әлі де биік болсын жұлдызыңыз- Арналған перзенттерден жыр-гүліміз. Жүріңіз аман-есен ортамызда, Тілейді соны бүгін ұл-қызыңыз! Ғабиден ҚОЖАХМЕТТуыстарға » Әкеме »