Көктемде арулар қоса құлпырады - құттықтау

Көктемде арулар қоса құлпырады

Көктемде арулар қоса құлпырады. Бізге оны көрсін деп көз, сүйсін деп жүрек беріпті. Құдай шебер осынша көл-көсір сұлулықты көз алдымызға үйіп-төккен. Осының бәрі Алла нұрының Жер бетіне түскен тек жүзден бір ғана Нығметі дейді. Бір-ақ пайыз! Соның өзі-ақ Жер бетіндегі тіршілік отын жағуға жетіп жатыр. Сол бір пайыз нұр арқасында Жер бетінде өмір шеруі тоқтаусыз, толассыз салдыртып келеді. Сол шеру сәнді-салтанатты болсын деп, Алла тағала Хауа анамызды жаратқанда оның дидарына нәзік нұр сүйкепті. Содан Хауа ана сұлулығына Адам атамыздан бастап адам назары сұқтанумен келеді.


8 наурыз » Ресми мерекелерге »