Туысқандар Жұмабек Шорманов - құттықтау
Туысқандар Жұмабек Шорманов
Туысқандар, аяулы туысқандар,Бір анадан туғандай тауыс жандар.
Бір-біріне бүйрегі бұрысқандар,
Бір-бірін шын жүректен ұғысқандар.
Сәл нәрсеге бұртиып суысқандар,
Сәл нәрсеге мәз болып ұғысқандар.
Жиі-жиі көрмесе сағынғандар,
Туысқандар ежелден әділ жандар.
Үлкеніне кішісі бағынғандар,
Ақылына ағаның табынғандар.
Бірін-бірі даттамай, мақтағандар,
Бір-біріне есігін жаппағандар.
Той думанда шаттанып шабылғандар,
Қайғыда да бір жерден табылғандар.
Бір-бірінің сенімін ақтағандар,
Бір-біріне көңілін сатпағандар.
Болса-дағы мінезі қилы адамдар,
Бір-біріне жақсылық жинағандар.
Өмір бойы бір-бірін қимағандар,
Өмір бойы бір-бірін сыйлағандар.
Туысқандар, армысың, туысқандар,
Жанарынан жарқылдап нұр шашқандар.
Бірлік болса, тірлік бар жалғасатын,
Ынтымақтың жалауын тік ұстаңдар!
Туыстарға » Өлең - сөздің патшасы » Шығармалар » Соңғы қосылған дүниелер »