Қыдыр дарып үйіңе,Малтаға толсын қаптарың - құттықтау

Қыдыр дарып үйіңе,Малтаға толсын қаптарың

Қыдыр дарып үйіңе,

Малтаға толсын қаптарың.

Сейфіңе сыймасын,

Әр маркасы ақшаның.

 

Денің сау боп әрқашан,

Жүзге қадам бастағын,

Тойға келген досыңның,

Тілектерін ақтағын.

 

Түтіндерің тік шығып,

Лаулап жансын оттарың,

Береке сақтап ұлдарың,

Жазылмасын топтарың.

 

Алла жар боп әрқашан,

Жаман жолды баспағын.

Тойға келген халайық,

Осы ойымды Қостағын.

 

Осы отырған бәрінің,

Аман болсын бастарың.

Алладан тілеп жақсылық,

Осы жерге келіп тоқтадым.

Әмин, Аллаһу Әкбар!


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »