«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген бар,Саналы жаст - құттықтау

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген бар,Саналы жаст

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген бар,

Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.

Қос өзен сынды қос тағдыр бүгін қосылса,

Жарасым тауып жасалсын ізгі қадамдар.


Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,

Шамшырақ сынды жетелей берсін тәтті үміт.

Беу, қарақтарым, алтын тойды да тойлаңдар,

Отауларыңнан қуаныш кетпей, бақ күліп.


Көңілде көктем, махаббат гүлі, нұр гүлі,

Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры.

Өрісі кеңіп, бабадан қалған әулеттің

Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры.


Адами ғұмыр болары айқын бір нүкте,

Жақсылық келер, ынтымақ бар да, бірлікте.

Бас қосқан жастар сендерге үлкен тілегім –

Біріңе-бірің сүйеніш болың тірлікте.


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »