Жеңге тілегі (Тамада кітабынан) - құттықтау

Жеңге тілегі (Тамада кітабынан)

Көтеріп қайным бүгін нардың жүгін,

өзінің тапқан екен жар-жұлдызын.

Гүл болып жайнай берсін әр көктемің,

Жеміске толы болсын әрбір күзің.

 

Шуағын,

Төге берсін,

Тәңір нұрын.

Жарыңа сен де сыйла жанның нұрын.

Үйіңе үбір-шүбір,

Ұл-қыз толып,

Басыңа бақ сыйласын қалыңдығың.


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »