Дастарханға шақыру (Тамада кітабынан) - құттықтау
Дастарханға шақыру (Тамада кітабынан)
Асып – тасып қуанышы, жер-көктің,
Шаршы топты шат сезіммен тербеттім.
Баршаңызды дастарханға шақырам,
Ағайындар, қане, төрге төрлеткін.
Ақ ту қадап армандарға алдағы,
Қос көгершін көкке бүгін самғады.
Отау тікті қол ұстасып екі жас,
Орындалып ата-ананың арманы.
Өмір алда,
өткелдерден өтер көп,
Ата-ана мәз, бір баласы екеу боп.
Құда-жекжат,
Туыс-туған жиналды,
Щаттық ортақ, осы тойда бөтен жоқ.
Берік болсын босағасы жастардың,
Ассын биік асуынан асқардың.
Жас жұбайлар тойын-тойға ұласып,
Отау болсын өнегелі қос балғын.
Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »