Шаттық толы шаңыраққа айналсын (Тамада кітабынан) - құттықтау

Шаттық толы шаңыраққа айналсын (Тамада кітабынан)

Әркім іздер тіршіліктен өз бағын,

Қолға қонды

Жұлдыз деп қол созғаның.

Қосағыңмен қоса ағарғын, бауырым,

Махаббатың – маңдайына жазғаның.

 

Сүйген жүрек

Неге болсын шыдайды,

Жан сүйінтер

Жарық қандай шырайлы!

Шайқалмасын жас отаудың іргесі,

Өмір әлі қиындықпен сынайды.

 

Тағдыр қосып,

Табылыпты қосағың,

Әлі-ақ толар жабдығың мен жасауың.

Шаттық толы шаңыраққа айналсын,

Керегесін кеңге жайып отауың.


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »