Құрметті той иесі,Ісіңді тағдыр оңдасын,Қайда жүр - құттықтау

Құрметті той иесі,Ісіңді тағдыр оңдасын,Қайда жүр

Құрметті той иесі,

Ісіңді тағдыр оңдасын,

Қайда жүрсең қолтықтап,

Қыдыр бабаң қолдасын!

Жамбылға ұқсап көп жаса,

Денеңде дерт болмасын,

Тойың тойға ұласып,

Жан-жүрегің толғансын,

Күннен-күнге көбейсін,

Дос-жараның, жолдасың.

Бақытың тассын әманда,

Бергенін тәңірі алмасын!

Өміріңді ұзартып,

Балаң менен немерең,

Шөберең мен шөпшегің,

Туажаттар жалғассын!


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »