Туған елім, тірегім /жалғасы/ - құттықтау
Туған елім, тірегім /жалғасы/
Сүйем сені, туған елім!Төменгі сынып оқушыларына арналған саяхат - ойын
Дайындық кезеңі: Шараны өткізбес бұрын төменгі сынып оқушылары үшін кітапханада хабарландыру ілінеді. Оқырмандар арасында туған ел, жер, Отан, туралы оқыған кітаптары бойынша сурет салу сайысы жарияланады. Шара өткізілетін күні осы сайыстың қорытындысы шығарылады.
Безендірілуі : Қазақстанның жалауы, елтаңбасы, қазақ халқының ұлттық оюымен өрнектелген Отан, туған ел жайлы мақал-мәтелдер, даналық сөздер жазылып ілінеді.
Осы тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Үлкен плакатқа 6 дөңгелектен құралған үлкен шеңбер сызылады, әр дөңгелектің ішінде әр бекет (станция) аты жазылады: Тарих, Салт-дәстүр, Тау мен дала, Табиғат, Ән мен күй, Әдебиет
Қабырғаға ілінетін даналық сөздер: «Туған жерің-түп қазығың...», «Жаңа астана-жаңа мемлекет», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов), «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!» (М.Мақатаев) т.б.
Керекті құралдар: Үлкен сандық және 1ден 6 санына дейін нөмірленген кішкене сандықшалар, бекеттің аттары, командаларға арналған сұрақтар салынған конверт, тақтайша, көрермендерге арналған тапсырмалар, қалам, қағаз.
Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 4-6 адамнан болуы керек.
Жүргізуші :
Туған жердің қандай жақсы күзі де,
Туған жердің қандай жақсы қысы да!
Туған жердің қандай жақсы көктемі!
Туған жердің қандай жақсы жазы да!
Жақсы екен туған жердің күні де,
Жақсы екен туған жердің түні де!
Жақсы екен туған жердің суы да,
Еш жаманын таба алмайсың осында!
Хабдулмажит Арман.
Сәлеметсіңдерме, балалар! Ертең - еліміздің Республика күні. Мен барлықтарыңды мейрамдарыңмен құттықтаймын және шын жүрегімнен сіздерге шуақты күн, ашық аспан, бейбітшілікпен пен амандық, ырыс тілеймін!
Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.
Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Бүгін Республика күніне орай, бүгін «Сүйем сені, туған елім!» атты саяхат-ойынын өткіземіз.
Мына көрсетілген бекеттердің көмегімен біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт-дәстүрі,табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз. Ол үшін бізге 2 топ көмекке келеді.
(Бекеттердің аты жазылған дөңгелектердің оң және сол жағындағы екі команда мүшелерін таныстырады.)
Енді екі топ кезекпен бекеттердің рет саны көрсетілген сандықшаларды алып, тапсырмаларды орындайсыңдар.
Бекеттің нөмірін бір топ алады. Сол нөмір бойынша бекеттің сұрақтарын жүргізуші қояды. Көп ұпай жинаған команда жеңеді. Сұрақтар қойылып болғаннан кейін команда мүшелері тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың мәтінін әрбір топ конвертпен алады. Осы тапсырма көрермандер үшін көрнекті жерге тақтайшаға жазылып қойылады. Екі топ шамамен 3 бекеттің сұрағына жауап береді. Топтар жауап бере алмаған жағдайда, көрермендер көмекке келеді.
Бірінші «Тарих» бекеті
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Тапсырма
Қазақ батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау. Олардан үзінді, өлең айтып беру. («Райымбек батыр» (Райымбек батыр туралы, «Дарабоз» (Қабанбай батыр туралы) т.б., (Эпикалық жырлар: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» т. б.
Жүргізуші: Екі топ тапсырмаға дайындала берсін. Мен сендерге ертеде өз жерін қорғап қалған хан туралы аңыз айтып берейін. Ерте, ерте ертеде біздің елді бір ақ көңіл, ақылды хан басқарыпты. Көрші қытай елімен тату тұрыпты. Сол себепті ол кедергі көрмей, еліне сыйлы болыпты. Күндердің күнінде көрші елден атой салып елші келіпті. «Уа, алдияр, мынау елдің хабары. Мұны естіп денем мұздап барады. Көршіңіз «Егер тату болам десе менімен, ең жүйрігін берсін!» - деп талап қойып отыр дейді. Өз елінің тыныштығын, тірлігін, екі елдің бірлігін қалаған хан, көп жүйріктің ішінен ойланбастан дүлдүлін таңдап береді. Бірақ, ханның бұл шешіміне билер ренжиді. «Жоқ, жоқ ештеңеге ренжімеңдер. Ел бірлігі жолында, бір жүйрікті қидым. Байлықтан опа таппаймыз. Еліміз тыныш болса, бір жүйріктің орнына, жүз жүйрік келеді»- деген екен ақылды хан. Арада біраз уақыт өткен соң көрші елден елші тағы келеді. «Уа, алдияр көршіңіз менімен тату болам десе, сүйген жарын берсін»- дейді. Бұл хабарға хан өте қиналады. Өзінің туған әйелін қимай хан көп ойланады. Өз елінің тыныштығын ойлаған хан ақыры адал жарын көрші ханға сыйлапты... Ханның бұл шешіміне ел ішіндегі билер тағы наразы болады. Бірақ хан «айтқан сөздеріңе әрине, таласым жоқ. Егер тыныш болса елмен елдің арасы, адал, сұлу жар табылар шамасы» деген екен. Уақыт зымырап өтіп жатады. Бір күні көрші елден суық хабар тағы келіп жетеді. «Уа, алдияр, көрші хан, егер тыныштығын қаласа, қасиетті туып-өскен жерінің бір бөлігін кесіп берсін» дейді. Мұндай сұмдықты естімеген хан ашуға мінеді. Бұл қорлыққа шыдаған хан ойланбастан шешім айтады. «Халқым менің! Қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін қорғау үшін көрші елге соғыс ашамын. Жиналыңдар бәрің де!» деп жарлық береді. Бұл жарлықты естіген билер «Ұлы әміршім, көрші хан жүйрігің мен жарыңды сұрағанда, ойланбастан беріп едің. Асылыңды үн-түнсіз бергенде, шағын жеріңді қорғағаның қалай» дейді. «Менің жүйрігім мен жарымды көршіге үн-түнсіз бергенім, олар менің өз меншіктерім. Ал қасиетті жер- сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздың кіндік қамы тамған, олардың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған халықтың жері. Туған жеріміз менің меншігім емес, ол келешек ұрпақтікі, елімдікі. Қасиетті даламның бір бөлігін басқа елге бергенше, жерімді қорғап өлгенім артық» деген екен. Қасиетті ханның осы салмақты сөзі сол сәтте ел үшін аралап кетіпті. Міне содан бері біздің жеріміз атадан балаға мұра болып бізге жеткен екен. Міне, аңыз осылай аяқталады. Балалар, елін, жерін сүйген біздің ата-бабаларымыз жерімізді ұрпағы үшін елін-жерін осылай қорғаған. Сенде, көк теңбілді байрағымызды жоғары ұста! Еліңді, жеріңді әрқашан сыйла, қорға демекпін.
Екінші «Тау мен дала» бекеті
1.Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан? (Шығыс
Қазақстан облысы)
2. Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан)
3.Біздің еліміздің жерінде кездеспейтін аңдар мен жануарларды атаңдар (Піл, арыстан, мүйізтұмсық, қолтырауын, керік т.б.)
4.Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі,
Басқан, Сарқант)
5. Қазақстанның ең биік нүктесі ата? (Хантәңірі шыңы)
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады)
Тапсырма: Қазақстанның көркем табиғатына, әсем жерлеріне байланысты ән немесе өлең орындап беру.
Үшінші « Әдебиет» бекеті
Отансыз ...адам – ормансыз бұлбұл
Отан ...оттан да ыстық
Ел іші –.... алтын бесік
Отан – ....елдің анасы, ел –ердің анасы
Туған жерге...туың тік
Туған жердей ...жер болмас, туған елдей ел болмас.
Аузы төбесінде,
Тұтқасы денесінде
(Құман)
Иінінде құлағы,
Ішінде бұлағы,
Көмейіне от салсаң,
Ызыңдап тұрады.
(Самауыр)
Мал төлдеп,
Әр ауыл
Пісіреді ақ бауыр
(Уыз)
Басы құдық,
Сабы сырық.
(Ожау)
Ыдыс –аяқ бөлмесі,
Тазалықтың көрмесі.
(Әбдіра)
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Тапсырма
Сендердің алдарыңда қазақ ертегілерінің аттары және сол ертегілерде кездесетін заттардың аттары берілген. Осы заттар қай ертегіде кездеседі?
Төртінші «Ән-күй» бекеті
Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов...)
Ықылас, Дина).
Бір бала, Бесік жыры....)
(Б.Төлегенова, ....)
5. Қазақ халқының халық әніне, күйлеріне байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?
Тапсырма
Сендердің алдарыңда қазақ халық әндерінің сөздері берілген. Сөздерден ән шумақтарын құраңдар.
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай
Кейін қалған елімді
Көрер ме екем!
Ән салшы-ай ,
бір бала-ай.
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
Бесінші «Салт-дәстүр» бекеті
1.Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар? (Ораза
айт, Рамазан айт, Наурыз )
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Тапсырма:
Сендердің алдарыңда Қазақстанда аталып өтетін қадірлі де сыйлы мейрамдардың аты мен оларға байланысты мағыналы сөздер (бөлек карточкада) берілген. Әрбір мейрамның жанына өзіне қатысты мағыналы сөздерді қойыңдар.
Алтыншы «География» бекеті
3. Қазақ елінің ХХ ғасырдағы ең бірінші астанасы? (Орынбор (1920-1925)
4.Қазақстанда неше облыс бар? (14)
5. Қазақстанад қандай теңі-көлдер бар? (Каспий, Зайсан, ....)
Тапсырма
Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар
МАТЫАЛ (Алматы)
Қазақстанның тауларына байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Жүргізуші:
Тілдесіп көкпен тауларың,
Жайқалды жасыл орманың.
Алатау, Қаратауларым,
Елдікті бізге мұра етіп,
Ерліктің күйін толғадың.
Салтанат пенен сән құрған,
Елім бар бүгін жаңғырған.
Бақытым-атамекенім,
Тұлпарлар тұяқ шалдырып,
Сұңқарлар қанат талдырған.
Қазақты әлем таныды
Сәлемін жолдап сан қырдан.
Берекелі елмін, құтты елмін,
Атты азат таңым-күткен күн.
Қазақстаным мекені-
Ынтымақ пенен достықтың,
Кеңдік пен кемелдіктердің.
Даламды бабам мұра еткен,
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын,
Ауылымды арай, нұр өпкен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алау жүрекпен!
(Б.Үсенбаев. «Республикам менің»)
Ал енді осымен біздің саяхат – ойынымыз аяқталады. (жеңген команданың мүшелерін ортаға шығарып марапаттайды).
Мен енді сендерді таза ауа жұтып, кішкене сергітпек оймен, далаға шақырамын. Біз бүгін қазақ халқының балаларға арналған ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындарын еске түсіреміз.
(Ойын түрлері: «Соқыр теке», «Ақ серек, көк серек», «Бес тас», «Ұшты -ұшты», т.б.)
Қосымша ойын түрлері:
Тақия тастамақ
Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады.
Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.
Аттамақ
Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұру қажет. Біріншісі – төмен, оны аттап өту керек, екіншісі – биік, оны еңкейіп, ал енді үшіншісінен тағы да аттап өту керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп осы жіптерден өткізіп, содан соң көзін байлап бір айналдырып қоя беру керек. Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрғандар жіпті жинап алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.
Оқтау тартыс
Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады, оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді.
Менің жаңа Астанам
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тақырыптық сабақ
Бағдарламаның мазмұны: Бүлдіршіндердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет қасиетін қалыптастыру: оның табиғатына, салт-дәстүріне, ұлттық мұраларына деген қызығушылықтарын арттыру. Астана туралы түсінік қалыптастыру, онымен таныстыру.
Қосымша жұмыстар: Бүлдіршіндерге алдын-ала Қазақстанның мәдениеті және табиғаты туралы әңгімелеу. «Астана», «Менің елім Қазақстан», «Менің жаңа Астанам», Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» сияқты танымдық, ақпараттық, суретті кітаптармен, қазақ суретшілерінің қазақ халқы туралы салынған суреттерімен таныстыру керек. Қазақ халқының күйлерін, ұлттық әндерін тыңдатып, Қазақстан, Астана туралы жазылған өлең, әндерін, қазақ халқының мақал-мәтелдері туралы балаларға түсінік беріп, мүмкіндігінше жатқа білгендері жөн. Астана қаласының көрнекті жерлері бейнеленген сурет-фотолардан слайд жасап, шара барысында экраннан көрсетіп отыру керек. (Құрманғазының «Адай» күйі баяу ойнап тұрады)
Кітапханашы:
Бойкүйездік жат маған,
Елім еркін,
Шат заман!...
Мен: Әлемге-
Тәуелсіз,
Қазақпын,-деп мақтанам!- деп ақын ағамыз жырлағандай (Ө.Ақыпбекұлы) біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан
Кітапханашы: Біздің Отанымыз-Қазақстан кенді Алтай тауларынан, Ақжайықтың жасыл жағалауына дейін созылады... Біздің жердің қойнауы алтын мен күміске, темір мен көмірге, мұнай мен газға аса бай. Біздің егістікте бидай мен күріш, сұлы мен тары өседі. Бізде аппақ қардай ақ тақта өсетін аудандар да бар. Көлеміне көз жетпес бақшалардан шырынды алма, алмұрт, жүзім, қара өрік пен сары өрік тереміз...
Осындай кең байтақ жомарт далада ұлы батырлар мен ақындар, саусағынан сан өрнек төгілген зергерлер, шеберлер жасаған. Бүкіл дүниежүзінде ақындар Абай мен Жамбыл, оқымысты Шоқан Уәлихановтың, жазушы Мұхтар Әуезовтің, академик Қаныш Сәтбаевтың есімдері жақсы таныс.
Біздің Республикамызда жүз жиырмадан астам халықтың ұл-қыздары тату-тәтті ынтымақпен жемісті еңбек етеді. Біз қандас болмасақ та, жандаспыз! Қазақстан Республикасы-біздің сүйікті де, ортақ Отанымыз! Отанымызды үлкен бір ақ отау десек, ауылдар-оның уығы, қалалар-керегесі, астана шаңырағы. Сондықтан бір Отанның ішінде тұратын барлық халық бір-біріне туыс. Олар өз отандарын мақтан етеді, жақсы көреді. Балалар, біз неліктен отанымыз Қазақстанды жақсы көреміз?
Балалар: Өйткені, біздің Отанымыз бәрінен де әдемі.
Кітапханашы: Иә,балалар, біз Қазақстанда тудық, бұл елде ана тіліміз -қазақ тілінде сөйлейміз, осы жерде тұрамыз. Бұл жерде бізге жақын адамдарымыз тұрады. Бұл жерде бізге бәрі ыстық, бәрі жақын.
Қыз бала: Тудым, өстім Отан үшін,
Отанымды сүйем жастан.
Отан үшін-қуат күшім,
Жыр жазамын бір тынбастан.
Отан –қуат, нәр береді.
Отан –ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді... (М.Хәкімжанова)
(Е.Ынтықбаевтың «Қазақстан» әні тыңдалады. Орындайтындар Р.Рымбаева және «АБК» тобы)
Кітапханашы: Отан... Адамға өте жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар ұғым. Өйткені, ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, биік тау болсын, өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп -өнген жерін – Отаным деп жанындай жақсы көреді. Бізді өзінің тәтті нанымен, суымен асырайтын және жаудан қорғайтын отанымызды анаға теңейміз. Халық арасында Отан туралы көптеген мақал-мәтелдер бар. (Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтылады)
(«Бәйтеректің» суреті көрсетіліп «Арман қалам Астанам» әнінің фонограммасы қойылады сөзі:Е.Шәймерденовтікі, әні М.Омаровтікі, орындайтындар: М.Омаров, З.Омарова)
Кітапханашы: Балалар қалай ойлайсыңдар, бұл ненің суреті?
Балалар: Бұл Бәйтеректің суреті!
Кітапханашы: Ол қайда орналасқан?
Балалар: Астанада.
Ұл бала: Болашаққа бастаған
Шарықтайды асқақ ән.
Мақтанышым –Астанам. (Е.Өтетілеуұлы)
Қыз бала: Астанам-бағым, баспанам,
Қарыштап алға, бас қадам.
Отанымның жүрегі
Елорда-менің Астанам. (Н.Қалқа)
Кітапханашы: Астана қаласы 1998 жылдан бері біздің еліміздің астанасы. Бұл қала Есіл деген өзеннің бойнда орналасқан. Сол әсем Есілдің жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университеті, Жастар сарайы және көптеген үлкен-үлкен ғимараттар бар.
Қыз бала:
Малта тасты жарқабақ,
Мүлгіп қалған шалқалап:
Есіл бойы-ертегі,
Есіл бойы-салтанат»
Үзеңгідей тебінер,
Күмбезденген кей үйлер...
Тұлпар мінген Кенехан,
Күндік жерден көрінер...
Асып келген сан белден,
Қарсы алуға таңды елмен:
Зәулім үйлер-
Сарбаздай,
Кенесары ханға ерген...
Бір жағында-Ақорда,
Бір жағында-бақ, орман:
Есіл –елдің ертеңі,
Айнымайтын ақ жолдан... (Ө. Ақыпбекұлы)
( Астанадағы Есіл өзенінің бойы көрсетіледі)
Кітапханашы: «Бәйтерек» елордада, Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Бәйтеректің ең жоғарғы қабатынан Астананың жан-жағы алақандағыдай көрінеді. Астана- Қазақстанның бас қаласы. Астана қаласының орналасқан жері құтты мекен, топырағы құнарлы, төскейі шұрайлы. Айнала көкорай бел, көк шалғын. Астанамыздың өзі де, табиғаты да сондай әдемі. Біздің еліміздің Астанасы Алматы қаласынан Астанаға 1998 жылы көшіп келді. Біз сендермен Астана туралы фотоальбомды көрдік. Балалар, Астана қаласының қандай көрікті жерлері естеріңде қалды? (Балалардың жауабы: Бәйтерек, Елбасының ақордасы, көпқабатты үйлер, әр түрлі ескерткіштер, жасанды мұхит, балалар қалашығы)
(«Үш қоңырым» Өлеңі: Н.Назарбаевтікі, әні: А.Қоразбаевтікі, әнінің фонограммасы ойналып, экраннан Н.Назарбаевтың, Президент сарайының суреті көрсетіледі)
Кітапханашы: Балалар, бұл кім?
Балалар: Нұрсұлтан ата, біздің президентіміз
Кітапханашы: Иә,балалар біздің еліміздің басшысы- Елбасы Нұрсұлтан аталарың. Бұл аталарыңмен бірге, елді басқаратын көптеген аға-апаларың Астана қаласында жұмыс істейді. Әр түрлі заңдар шығарады, елді басқарады. Сарыарқа жерінде, біздің еліміздің ортасында қоныс тепкен жаңа Астанамыз- болашақтың қаласы.
Қыз бала:
Есілдегі жас қала,
Елордасы –Астана.
Алматы ма?
Алматы-
Бұрынғыша Бас қала!
Бой көтерген Есілден,
Ой көтерген Есілден
Астана ма?-
Жас бала
Тұсауы кеше кесілген.
Кітапханашы: Хандар билеген бұрынғы заманда қазақ жерінде түрме деген болмапты. Түрмеге адамдарды қамау деген қазақ даласында болмаған. Мал ұрлаған мал төлейді екен, оның үстіне қосылатын жаза-айып тартады екен. Осы істерге көп көзінше билік айтып, төрелік ететін ауыл ақсақалын би атаған. Балалар, қазақ халқының қандай билерін білесіңдер? (Балалардың жауабы) Атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке билер қаршадай кезінен-ақ өздерінің турашыл, шыншыл қасиеттерімен қауым елдің қалаулысына айналыпты. (Экраннан Астана қаласындағы үш биге қойылған ескерткіштің суреті көрсетіледі)
Қыз бала:
Көк күмбезді төбесін,
Сонадайдан көресің:
Қос қабатты қос шеңбер
Кереге ме...
Не дерсің?
Күнде байқап жұрт легін,
Ынтам артты күрт менің:
Ішін,
Ойша қызықтап,
Қарап тұрмын сыртта өзім...
Елдік ғұрпым танылар,
Осында екен қазына:
Кітапхана,
Мұражай,
Оқу залы...-
Бәрі бар»
Ерекшелеу сырт, өңі,
Бір қызық үй бұл тегі:
«Президенттік мәдени
Орталық»-дер жұрт оны. (Ө.Ақыпбекұлы)
Ұл бала:
Әсем әнді қал естіп,
Досыңды да ал, ертіп...
Ұзын үй-
Ұлы ордасы:
Опера һәм балеттің...
Кеңге жайған құлашын,
Ұстанған ұлт мұрасын:
Ол-
Атымен аталар-
Әйгілі әнші Күләштің... (Ө.Ақыпбекұлы)
(Құрманғазының «Саржайлау» күйінің әуені қойылып сәл баяулай береді де, Президенттің мәдени орталығының, опера театрының, консерваторияның суреттері көрсетіледі)
Кітапханашы: Ертеден біздерге қазақ халқының әндері, күйлері қалды. Мысалы, Құрманғазы атамыздың, Дина әжеміздің күйлерін тыңдағанды ұнатасыңдар ғой. Осы ескі ән мен жырлар сендерге неліктен ұнайды? (Балалардың жауабы: Олар бізге өте жақын. Халық әндері жақсылықа, өмірге қуануға, мейірімділікке, өз Отанын сүюге үйретеді) Балалар, бізге жақсы таныс қандай халық әндерін білесіңдер? (Балалардың жауабы: «Елім-ай», «Қараторғай» т.б.) Осы әртүрлі күйлер, музыкалық шығармалар, әртүрлі театрландырылған қойылымдар ойналатын жерлерді қалай атайды? (Балалардың жауабы)
Кітапханашы: Біздің халқымызды ерекшелейтін киіз үйіміз, ұлттық оюларымыз, ұлттық аспабымыз- домбыра бар. Сонымен қатар, біздің халқымыз төрт түлік малды жақсы көреді. Соның ішінде жылқы малына ерекше көңіл бөлген. Біздің елді ерекшелейтін, мынау Қазақ елі дейтін мемлекеттік, ұлттық рәміздеріміз бар. Олар елтаңбамыз, туымыз, әнұранымыз. (Рәміздердің суреттері көрсетіледі) Балалар, неліктен туымыздың түсі көк, елтаңбамызда шаңырақ, ат, ұлттық оюымыз бар? (Балалардың жауабы)
Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай,
Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.
Астана-қазағымның жас қаласы,
Ажарын көрген адам қызығардай.
Аңсатқан шырын, шарбат бал-уызы,
Тансантқан таңғажайып дәру жүзі;
Бой жазған Сарыарқаның самалында,
Астана-қазағымның бақ жұлдызы.
Кітапханашы:Балалар, біз ұлттық рәміздерімізбен таныстық. Енді осы рәміздеріміздің пайда болуы туралы мен сендерге ертегі айтып берейін. Оны Кеңес Оразбекұлы деген жазушы жазған. (Осы ертегі бойынша балалар көрініс көрсетеді) Сонау көне заманда, бүнінгі қазақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты қос Пырақ өмір сүріпті. Сол қос Пырақты бүгінгі Қазақтың, кешегі Көк Түріктің, ертедегі Ғұн мен Сақтың ата-бабалары алғаш рет ауыздықтап, жанына серік етіпті. Сөйтіп, «Ат-ердің қанаты» деп, желден жүйрік тұлпар мінген, тұлпар емес-ау, Пырақ мінген Ерлердің рухы биіктеп, бойларына желік бітіпті. Сонымен олар ұшса-қайыспас қанат, ұмтылса қайырылмас қару болып, жер-дүниені кезіп, шарлапты. «Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан» деп, ел мен жерді жаулапты. Шығыста сонау Амурдан, Батыста сонау Дунайға, тіпті Римға дейін саулапты. Бірақ, бір уақыттарда «Ел аралаған сыншы болар» дегендей, Ерлер есін жиыпты. Өзге елдің ерге құт болмайтынын біліп, «Отан- оттан да ыстық», «Өз елім-өлең төсегім» деп, Ергенеқон еліне қайтып оралыпты. Олар қайтып оралғанда, алдарынан қалқып Қыран шығыпты.
-Иә, не көрдіңдер, не түйдіңдер?- депті Қыран.
Сонда қос Пырақ:
-Көргенімізді айтсақ- көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, «Әркімнің өз жері- жұмақ» екен, - депті.
-«Туған жер- тұғырың, туған ел- қыдырың»,- деп қостапты Қыран.
-«Кісі елінде күркірегенше, өз елінде дүркіре» дегендей, Алтын Шаңырағымызды өз еліміздің төріне тігуге бел байладық.
- Онда алдарыңнан жарылқасын!- деді Қыран.
- Сол Шаңырағымыз биік, берекелі болсын, нұр шашсын, шайқалмасын деп, қанатымыздың астына алып, Жұлдызымыз әрдайым жоғары болсын деп, қырағы қорғаны болмақпыз.
Онда, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп, мен де Көк төрінде төбелеріңнен қалықтайын. Алтын нұрлы Күн астында айбарларыңды асқақтатайын.
Тауып айттың, Қыран! «Ынтымақ түбі-игілік»-дейді. Сол игіліктің арқасында «Қазақстан» атты елдің мәңгілік рәмізіне айналсақ, біз үшін бақыт емес пе.
Міне, қысқаша түйіп айтсақ, Еліміздің Елтаңбасы мен Туы осылайша пайда болыпты.
Қыз бала:
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол- жас болып
Мен үлкен болғанда да.
Төкті оған нұрын дала,
Астана сұлу қала.
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да
Жүректе сақтап атын,
Жүретін салтанатым.
Астана биігіміз
Биіктер күнге жақын.
Т. Молдағалиев.
(экраннан Астана қаласының эмблемасы көрсетіледі)
Кітапханашы: Бұл –Астана қаласының эмблемасы немесе қаланың өзінің жеке таңбасы. Онда бейнеленген аспанға атылған ақ барыс мүсіні-жас Қазақстанның болашақтағы жарқын да бақытты болашағының символындай болып тұр. Астындағы «Астана» жазуы, оның астананың таңбасы екендігін растап тұр. Астананың болашағы алда. Ол келешекте Еуразия құрлығындағы әйгілі қала болмақ.
Қыз бала:
«Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа,
Астана қарқын алды өсер дара.
Есілдің жағалауын жарқыратқан,
Аққудың ұясындай әсем қала.
Құлшынған күншығыста жас қалаға,
Батасын берді Алатау бастап алға.
Егемен елге ерекше нұрын шашқан,
Тілейміз құт, береке Астанаға.
(К.Салықов. Астана-азияның ару қызы)
Кітапханашы: Міне, балалар, біз өзіміздің туған еліміздің елордасы Астана қаласына сырттай саяхат жасап шықтық. Астанамыздың туған 10 маусым. Біздің Астанамыз ең әдемі, ең жас қала. Сонымен, Отан деген не? (Балалардың жауабы. Сөзі: Н.Назарбаевтың, әні: Б.Тілеухановтың «Елім менің» әнінің баяу әуенімен) Бізге сая, панамыз-егеменді Қазақстан, көркем жер! Бүгіннің биігінен көз салсақ Қазақстанға: адам жаңа, жаңа астана, жер жаңа – бәрі жаңа! Республика-достықтың туын тіккен жер. Мәуелі бақтай жемісін шашқан көп ұлттар бір-бірімен тату тұрады. Иә, Біздің Отанымыз – Қазақстан. Бұл біздің туған жеріміз, туған еліміз. Еліміз-қазақ. Біздің әнімізді, жырымызды тыңдап, бұл қазақ дейді. Біздің ерлігімізді, батырлығымызды көріп, бұл қазақ дейді. Жерімізді, байлығымызды көріп. Бұл қазақ дейді. Сондықтан, біз қазақ болғанымызға мақтанамыз, шаттанамыз! Біздің еліміз ең ғажап ел! Мұндай ел еш жерде жоқ! Қазақстан деген Қара шаңырағымыздың ертеңі мен әке-шешелеріңінің бүгінгі еңбегін жалғастыру –ХХІ ғасырда Ел мен Жер иесі болатын сенің еншіңде, балақай!
(Балалар сабақтың соңында Отан, туған жер туралы суреттер салады)
Тәрбие сағаттарына материалдар » Соңғы қосылған дүниелер »