Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар - құттықтау

Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар

Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген сөз бар. Дүниеге сәбидің келуі - өмірдің бір ғанибет – ғажабы деуге болады.

Достым, сені әке болуыңмен, ал жарыңды ана болуымен құттықтаймыз. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын. тезірек ер жетіп, сендердің қолқанаттарыңа айналсын. Артынан іні-қарындастарын ерте берсін! Ендеше осы кішкентай өмірдің жалғасы және оны дүниеге келтірген ата-анасы үшін!

Ұлы ғұламалар «әрбір адам дүниеге келгенде аспанда жаңа бір жұлдыз жанады» деп айтқан екен.

Міне, дәл қазір түнгі аспанға нұрын шашып тұратын жұлдыздардың саны біреуге көбейді. Жарық дүние есігін жаңа ашқан мынау періштеміз де сол жұлдыздай жарқырап ортамызға қуаныш алып келді.

Өмірге келген сәбиімізге Алла тағалам мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір берсін. Аман-есен ер жетіп, елінің айтулы азаматы болсын!


Шілдехана » Дәстүрлі тойларға »