ЖАҢАЛЫҚТАР

Страницы:ПерваяПредыдущая340341342343344345346СледующаяПоследняя

Жаңатас қаласында 70 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды

Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында жаңа пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды.


Хитроу әуежайында терроризмге қатысы бар деген күдікті ұсталды

Хитроу әуежайында теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікпен 50 жастағы ер адам тұтқындалды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.


Түрік полициясы «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 20 адамды ұстады

Түрік полициясы Измир қаласының батыс бөлігінде «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының мүшелері деген күдікпен 20 адамды ұстады.


Қазақстандық теннисші Хуа Хин турнирінің жеңімпазы атанды

Отандасымыз Дмитрий Попко ITF F6 Futures Хуа Хин турнирін жеңіп алды.


Адамның ас қорыту жүйесінде жаңа ағза мүшесі анықталды

Ирландияның Лимерика университетінде жасалған зерттеу кезінде адамның ас қорыту жүйесінің бір бөлігі – шажырқай жаңа классификация алып, енді жеке бір ағза мүшесі болып саналатын болды. Бұрын шажырқай асқазан мен ішекті жалғастырып тұратын бөлшектерден тұрады деп есептелінген.


Дакар-2017: Аstana Мotorsports үздік ондыққа ілінді

Қазақстандық Аstana Мotorsports командасы әйгілі Дакар-2017 раллиінің екінші кезеңінде үздік ондықтың қатарынан көрінді. Жарыста Артур Ардавичус МАN жүк көлігімен және  Денис Березовский Toyota жеңіл көлігімен ел намысын қорғауда.


Хоккейші қыздар Универсиадаға қызу дайындық үстінде

Қысқы спорт түрлерінен студенттердің жарысы елімізде алғаш рет өтуде. Ал кейбір елдер дүбірлі доданы бірнеше мәрте өткізген. Мәселен, Универсиада тарихына көз жүгіртсек, жарысты Италия ең көп ұйымдастырыпты. Еуропаның бұл елі жазғы ойындарын 3 рет, ал қысқы ойындарды 6 рет өткізіпті.


Паралимпиада чемпионы баспаналы болды

Былтыр Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада Ойындарында жүзуден чемпион атанған Зүлфия Габидуллина Жаңа жылды жаңа үйде қарсы алды. Жамбылдық құрылыс компанияларының бірі спортшыға арнап Тараз төрінен 5 бөлмелі үй салып берді.


Еліміздегі үздік пошташы Ертіс өңірінде тұрады

Өз ісіне адал Айгүл Жүнісова бір күнде жүздеген үйді аралап, хат-хабар таратады. Байланыстың ескі де болса, тиімді бұл түрін пайдаланатындар азайған емес. «Ел ішінде хат алысатындар көп», – дейді білікті маман.


Павлодар облысының жергілікті полиция қызметі атқарылған жұмысын қорытындылады

Осыдан бір жыл бұрын құрылған құқық қорғау құрылымында оң өзгеріс баршылық. Қылмыс саны азайып, тұрғындардың тәртіп сақшыларына деген сенімі артқан. Дегенмен шешілмеген проблемалар да бар.


 
Страницы:ПерваяПредыдущая340341342343344345346СледующаяПоследняя