ЖАҢАЛЫҚТАР

Страницы:ПерваяПредыдущая339340341342343344345СледующаяПоследняя

Елордада Қарағанды облысының мәдени күндері басталды

«Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа. Қанша алсаң, қазынасы түспес орта», – деп келетін Қасым Аманжоловтың өлең жолдары бар. Ақын бұл өлеңін кенді аймақ Қарағандыға арнапты. Бүгін Астанада осы Қарағанды облысының мәдени күндері басталды. Алдағы 5 күнде аймақ қолөнершілері, өнерпаздар мен спортшылары елорда төрінде бар өнерін паш етеді. 


EXPO көрмесінде Өзбекстанның ұлттық күні тойланды

Халықаралық энергетика агенттігі 2030-жылға таман бүкіл әлемде баламалы энергия үлесі 30 пайыздан асады деп болжап отыр. Бұл саладағы инвестиция көлемі 400 млрд долларға жетеді деген есеп бар. Қазақстан ұйымдастырған EXPO көрмесі ғаламның осы жасыл экономикаға бет бұрысын жеделдетеді. Бүгін көрме аясында ұлттық күнін өткізген Өзбекстан өкілдерінің пікірі осындай. 


Астанада рұқсаты жоқ такси жүргізушілеріне айыппұл салынатын болады

Елордада 12 қыркүйектен бастап, бір ай бойы заңсыз такси қызметінің алдын алуға бағытталған жедел шара өткізіледі. Рұқсатсыз кісі тасымалдаған жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіштен жоғары айыппұл салынады.


Елімізде «онлайн» несие алушылар қатары көбейіп келеді

Еліміздің әрбір үшінші азаматының банк алдында берешегі бар. «Ранкинг.кз» порталы осындай статистика жариялады. Тұрғындар екінші деңгейлі банктерді қойып, микроқаржы ұйымдарынан «онлайн» қарыз ала бастаған. Соңғысы интернет арқылы рәсімделеді. Сондықтан тұтынушыға жеке тұлғасын растаудың қажеті жоқ. Тек куәлігі мен банк картасының нөмірін жазса болғаны. Осындай жеңіл шарттар салдарынан өзгенің атынан қарыз алу деректері жиілеген. 


Ақтөбелік кәсіпкер «Жұбановтар әуені» орталығын жаңартуға қаражат бөлді

Қайрат Мәйтеков есімді ақтөбелік кәсіпкер өзі білім алған орта мектепке күрделі жөндеу жасап берді. Жомарт жан оқу ордасын жаңартып қана қоймай, қажетті құрылғыларын қоса алып берген. «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында меценат тағы бір игі бастаманы қолға алды. Дәлірек айтсақ, өз қаражатына өңірде жаңа өнер ордасын салып жатыр. 


Петропавл қаласында 1197 көп қабатты үйдің 540-ы ғана жылыту маусымына дайын

Қатаң бақылау қажет-ақ. Әсіресе қысқа әзірлігі әлсіз өңірлерде. Теріскейді мысал етейік. Петропавл қаласында 1197 көп қабатты үй болса, соның 540-ы ғана жылыту маусымына дайын. Бірақ жергілікті әкімдіктегілер аталған мәселе алдағы бір ай ішінде толығымен шешіледі деп сендіріп отыр.


Үкіметте энергияны үнемдеудің тың тетіктері қарастырылды

Ел билігі қазір энергияны үнемдеу мәселесіне ерекше мән беріп отыр. Нақты жоспар бар. 2020-жылға дейін тұтынылатын қуат көлемін 25 пайызға азайту көзделген.


Жамбыл облысындағы тұрғын үйлердің 80 пайызына ортақ жылу есептегіш құралдары орнатылған

Энергия үнемдеу бағытында Жамбыл облысының билігі жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Өңірдегі көп пәтерлі үйлердің 80 пайызы ортақ жылу есептегіш құралдарымен қамтылған.


«Әлем барысы» жарысында ел намысын қорғайтын балуандар анықталды

Астанадағы «Барыс Арена» спорт сарайында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолютті Әлем чемпионатына төрт қазақстандық балуан қатысады, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.


Көкшетаулық пауэрлифтер Әлем біріншілігінде жүлдегер атанды

Көкшетаулық пауэрлифтер Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Флорида штатының Орландо қаласында жасөспірімдер арасында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтті.


 
Страницы:ПерваяПредыдущая339340341342343344345СледующаяПоследняя