ЖАҢАЛЫҚТАР

Страницы:ПерваяПредыдущая1438143914401441

Өз міндетін уақытылы орындамаған 2 мердігерді Орал қалалық әкімдігі сотқа берді

Бұл қос компания қала ішіндегі жолдарды жөндеумен айналысқан. Есқалиев көшесіндегі ұзындығы 2,5 шақырымдық жол бөлігі төселіп бітті. Бірақ мердігер оны жобада көрсетілген мерзім ішінде тапсырып үлгермеді. 


Қос тілде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейтіледі

Ұстаздар үшін жағымды жаңалық. Бүгін Білім және ғылым министрі елордадағы алғашқы қоңырау шарасына қатысқанда, қос тілде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейтілетінін айтты.


4-5 қыркүйекте Ханчжоу қаласында G20 саммиті өтеді

Қытай Халық Республикасының төрағасы және «Үлкен жиырмалық» тобының қазіргі төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Мемлекет басшысы 4-5 қыркүйекте Ханчжоу қаласында өтетін G20 саммитіне қатысады. 


Қарағанды облысында 3 адамның түйнеме жұқтырғаны расталды

Осыған орай мал сойылған Жеңіс қыстауында карантин жарияланды. Бұл туралы біздің аймақтағы тілшілерімізге облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеген. 


Дәйекті сан: Қазақстаның барлық мектептері жаңа оқу жылына дайын

Олардың бәрі қажетті көлемде оқулықтармен қамтылды. «Биыл кітап тапшылығы болмайды», – дейді салалық министрлік өкілдері. 


Алматының мыңжылдығына орай «Біздің сүйікті қаламыз» кітабы жарық көрді

1 қыркүйек – Білім күні мерекесі. Бүгін еліміздің барлық мектептері оқушыларға есіктерін айқара ашты. Білім ұяларында дәстүрлі «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиындары өткізілді. 


Педофилдерді қатаң жазалауды қолдаушылар көбеюде

Ақтаулықтар да, оның ішінде ерікті Айгүл Ахметова педофилдерді қатаң жазалауды сұрап, Президент атына хат жолдамақ. Онда соңғы жылдары елімізде зорлық көрген сәбилер саны көрсетілген. 


Зағипа Балиева: Елімізде педофилдерге қатысты жазаны күшейту қажет

Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты әрі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева мәлім етті. 


Елордада Оқушылар сарайында ашық есік күні өтеді

4 қыркүйекте М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында оқу жылының басталуына орай мерекелік шара өтеді. Балалар мен ата-аналар мерекелік бағдарлама мен робототехника жұмыстарын, басқа да көп қызықты тамашалайды.


«Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің 1600 тәрбиеленушісі үшін алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің барлық тәрбиеленушілері үшін жаңа оқу жылының басталуын білдіретін алғашқы қоңырау соғылды. 


 
Страницы:ПерваяПредыдущая1438143914401441