ЖАҢАЛЫҚТАР

Страницы:ПерваяПредыдущая1371137213731374137513761377СледующаяПоследняя

Биыл жыл соңына дейін денсаулық сақтау саласының 60 нысаны қолдануға беріледі

Оның ішінде 25 нысан «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалардың құрылысы» жобасының аясында, 35-і жергілікті атқарушы органдар өтінімінің негізінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынуда.


Қазақстандықтар Мәжіліс отырысын енді онлайн-режимде көре алады

Бүгін Мәжілістің екінші сессиядағы алғашқы отырысы онлайн режимінде өтіп жатыр. Күн тәртібіне 10 мәселе қойылған. Соңғы жаңалық, Мәжіліс регламентіне толықтырулар енгізілді.


Алматы маңындағы тау шыңында экстремалды аттракцион салынады

Бұл туралы «Медеу Инвест» форумы барысында қалалық туризм басқармасының жетекшісі Тимур Дүйсенғалиев мәлімдеді.


Ертең Риода 15-ші паралимпиадалық ойындардың алауы жағылады

Ертең, яғни 8 қыркүйекте Бразилия астанасы Рио-де-Жанейрода 15-ші паралимпиадалық ойындардың алауы жағылады. Халықаралық жарысқа елімізден 11 спортшы қатысады. 


Эдуард Занковец – «Барыс» хоккей клубының жаңа бас бапкері

«Барыс» хоккей клубы 2016 жылы 7 қыркүйекте «Барыс» ХК тренерлік штабының бас бапкері қызметіне Занковец Эдуард Константинович тағайындалды.


Депутаттар Елбасы тапсырмаларын орындауға кірісті

Алтыншы шақырылым депутаттары жұмысқа белсене кірісті. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде екінші сессияның алғашқы жалпы отырысы өтуде.


Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы мансабын бастау мақсатында АҚШ-қа кетуі мүмкін

Boxing News мәліметінше, Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өзінің кәсіпқой бокстағы мансабын бастау мақсатында АҚШ-қа кетуі мүмкін. 


Елордада ұлттық спорт түрлерінен І «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтеді

Қыркүйек айының 8-10 күндері Астанада «Қазанат» атшабарында (Қабанбай даңғылы-1) ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған бірінші «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтеді. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық 14 облыстың командалары қатысады. 


Құрбан айтта мал соятын орындар белгіленді

Елордада санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау үшін құрбандыққа шалынатын малды соятын арнайы орындар белгіленді: «Нұрбереке 555» ЖШС (Алаш тасжолы), «Айсу» ЖШС (Алаш тасжолы, 10 км), «Темеш» ШҚ («Астана – Алаш тасжолы», 7 км), «Агро Өнім Астана компаниясы» ЖШС, «Жайлау» (Алаш тасжолы, 33), «Мақсат 2007» тасжолы (Железнодорожный кенті Ажар к-сі, 20), «Шаушен» ЖШС (Алаш тасжолы, 10 км). 


«Союз ТМА-20М» ғарыш кемесінің аппараты Жерге оралды

Бүгін таңертең Қазақстанға ХҒС экипажының үш мүшесі отырған «Союз ТМА-20М» ғарыш кемесінің аппараты келіп қонды. Бұл туралы Ресейдің Ұшуларды басқару орталығы жария етті.


 
Страницы:ПерваяПредыдущая1371137213731374137513761377СледующаяПоследняя