ЖАҢАЛЫҚТАР

Страницы:ПерваяПредыдущая1255125612571258125912601261СледующаяПоследняя

Дауылдан келген шығын 384 миллион теңгені құрады

Өткен аптада Жамбыл облысында болған жойқын желдің шығыны шамамен 384 миллион теңгені құрады. Бул туралы облыс әкімдігі аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы мәлім етті.


Н.Назарбаев Жапония Парламентінің ҚР-мен достық лигасының төрағасы Т.Кавамурамен және лига мүшелерімен кездесті

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасы екі ел халқы арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға баға жетпес үлес қосқанын атап өтті.






 

Қазақстан Президенті елімізге көрсетілген қолдау мен ынтымақтастықты дамыту жолында жұмсалған күш-жігер үшін алғыс айтты.

–Сіздер бізге ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болу жолында және ядролық қарусыздану жұмысын жүргізу барысында зор қолдау көрсеттіңіздер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Елбасы барлық бағыт бойынша Қазақстан мен Жапония ынтымақтастығының жанданып келе жатқанына назар аударды.

Біз тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтудеміз. Бұл онша ұзақ мерзім емес. Алайда осы уақыт ішінде біз көп жетістікке жеттік деп санаймын. Жапониямен қарым-қатынасты одан әрі дамыту – біз үшін маңызды. Біз – Азия елдеріміз, біздің тарихымыз ортақ, – деді Қазақстан Президенті.

 

Т.Кавамура кездесуге уақыт бөлгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.

Келесі жылы Жапония мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады, сондай-ақ ЭКСПО көрмесі өтеді. Біз бұл оқиғаларды парламентаралық тәжірибе алмасу ісіне серпін беру үшін пайдалануды көздеп отырмыз, – деді Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы.

 

Т.Кавамура сондай-ақ еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтап, Қазақстан бұл міндетті атқару барысында ядролық қарусыздану мен таратпау ісіне бұдан да зор үлес қоса алатынын айтты.

 

Осы орайда Мемлекет басшысы өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін жариялағанына және БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясында 2045 жылға қарай ядролық қарудан азат әлем қалыптастыру мақсатына қол жеткізуге шақырғанына тоқталып, осы бастамаларға Жапония тарапының да қолдау көрсететініне сенім білдірді.

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Сырбойылық диқандар келер жылы Иранға күріш экспорттамақ

Ол үшін қармақшылық шаруалар шығыс елдерінде сұранысқа ие «Таром Хошими» сортын жерсіндіріп, сынақтан өткізген. Жаңа сұрыптың өнімділігі жақсы.


Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды

Дүйсенбі күні мамандандырылған ауданаралық әскери сотында шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовке сот үкім шығарды.


Елбасы Жапонияның Қазақстанмен Парламенттік достық лигасы мүшелерімен кездесті

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Жапонияның Қазақстанмен Парламенттік достық лигасының Төрағасы Такео Кавамурамен және лига мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Токиода Жапонияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойылды

Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов пен көрменің жапондық секторының Комиссары Томиясу Накамура қол қойды. Ұлттық компания басшысы Жапонияның көрмеге қатысуын алғашқы болып растаған елдердің бірі екендігін атап өтті. 


Бизнес-орталықтағы өрттен қаза тапқандар саны 6 адамға жетті

«2016 жылдың 7 қараша күні таңертең Өрт орнында қалып қойған жекелеген тұтануы мүмкін ошақтарды сөндіру және үйінділерді тазарту үшін жүрген жетекшіге ғимарат әкімшілігінен 5 адамның жоғалып кеткені жайлы хабарланды.  Өрт сөндірушілер жоғалған бес адамның мүрдесін 6-қабаттан тапты. Олар монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар болуы мүмкін. Мәйіттердің жынысы мен жеке ақпараттары анықталуда», – делінген Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.






 

Кеше ер адамның денесі табылған еді. Оқиға орнында 54 жастағы Н. есімді азамат иіс газына уланып, көз жұмды.

 

Еске салсақ, кеше кешке Almaty towers ғимаратында өрт шықты. Жалын 1800 шаршы метрді шарпыды. Өртті ауыздықтауға 150 адам, 34 техника тартылды. Сондай-ақ Ұлттық гвардиядан 50 адам, Алматы ІІД-ден 65 адам, 31 техника жұмылдырылды.

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Берілген микрокредиттердің 89 пайызы ауыл шаруашылығын дамытуға пайдаланылуда

«Биыл 6 834 микрокредит берілді, олардың 89 пайызы ауыл шаруашылығында пайдаланылды», – деп хабарлады ҚР Парламент Мәжілісіндегі үкімет сағаты барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.


Almaty towers ғимаратынан тағы 4 адамның денесі табылды

Кеше кешке өртке оранған Almaty towers ғимаратынан түні бойы жатып қалған тағы 4 адамның денесі табылды. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.


Almaty towers ғимаратындағы өрттен қаза тапқандар саны 6 адамға жетті

«2016 жылдың 7 қараша күні таңертең Өрт орнында қалып қойған жекелеген тұтануы мүмкін ошақтарды сөндіру және үйінділерді тазарту үшін жүрген жетекшіге ғимарат әкімшілігінен 5 адамның жоғалып кеткені жайлы хабарланды.  Өрт сөндірушілер жоғалған бес адамның мүрдесін 6-қабаттан тапты. Олар монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар болуы мүмкін. Мәйіттердің жынысы мен жеке ақпараттары анықталуда», – делінген Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.






Кеше ер адамның денесі табылған еді.

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

 
Страницы:ПерваяПредыдущая1255125612571258125912601261СледующаяПоследняя