ЖАҢАЛЫҚТАР

Страницы:ПерваяПредыдущая1066106710681069107010711072СледующаяПоследняя

Атырауда дәнекерлеушілер дайындайтын оқу орталығы ашылды

Атырауда отандық кәсіпорындардың қолдауымен кәсіби дәнекерлеушілер дайындайтын оқу орталығы ашылды. 


Қарағанды облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көрме өтті

«Қарағанды облысының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі». Осындай атаумен Кеншілер мәдениет сарайында көрме өтті.


Жамбылда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі жабылды

Жамбыл облысында «Батыс Еуропа  – Батыс Қытай» автодәлізінің Қордай асуы арқылы өтетін бөлігі жабық. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті берген ақпар бойынша халықаралық тасжолдың 157-240-шы шақырымында /Жаңа Қордай асуы/ қозғалыс жексенбі күні сағат 13.00-ден бастап тоқтатылған.


Қызылордада облыстық патриоттық форум өтті

Қызылордада «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттық форумы өткізілді.


ҰБТ тест тапсырмаларынан Қазақстан тарихы алынбайды

Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-дан «Қазақстан тарихы» пәнін алып тастау туралы ұсынысты қолдамады. Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.


Алматыда жауған қалың қарды тазарту жұмыстары күндіз-түні үздіксіз жүріп жатыр

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді. Айтуынша, соңғы 4 тәуліктен бері шаһардан 150 мың текше метр қар шығарылды. 


Астанада қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлері ағылшын тілін меңгеруде

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық шеңберінде қоғамдық тамақтану саласында ағылшын тілін білу ерекше маңызға ие. Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері халықаралық көрмеге өз үлестерін қосуда бастама көтерді.


Елордалық полицейлер үй-күйсіз азаматтарға көмек көрсетуде

ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың туыстық байланыстарын анықтауда. Қатты аязға байланысты учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік қызмет полкінің инспекторлары қиын жағдайға тап болған, үй-күйсіздер табылуы мүмкін орындар – жылу құбырларын, жертөлелерді, иесіз қалған саяжайларды тексерді.


Г.Әбдіқалықова: Қазақстанның БҰҰ-мен қарым-қатынасы – сыртқы саясатымыздың басымдығы бар негізгі бағыттарының бірі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру саласындағы Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі аймақтық қорының директоры Аланна Армитажбен кездесті.


Тауар белгісін заңсыз қолдануға өтемақы қарастырылатын болады

Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, бүгінгі Үкімет отырысында қаралған зияткерлік меншік саласындағы заң жобасында тауар белгісін заңсыз қолданғанына байланысты өтемақы алу үшін құқық иелерінің құқықтарын қамтамасыз етуге арналған нормалар қаралған.


 
Страницы:ПерваяПредыдущая1066106710681069107010711072СледующаяПоследняя